Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық әнші өнерге "аға-көкелері" арқылы келетін эстрада жұлдыздарына күйінді

Қызылордалық әнші өнерге "аға-көкелері" арқылы келетін эстрада жұлдыздарына күйінді

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық жас әнші Азамат Оразбек өнер жолына қалай келгенін айтып берді. Жас өнерпаздың сөзінше, қазақ эстрадасында күні бүгінге дейін ақшаның немесе ағалардың көмегімен келетін өнерпаздар бар екен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жас әнші әнші болуды бала күнінен армандағанын тілге тиек етті.
"Өнер әлеміне келу бала кезден арманым болатын, жоғары білімі болмаса да, ұстаздардан вокалдан сабақ алдым. Қазір жеке ән жазып, өнерге ақырындап қадам басып келе жатқан жайымыз бар.
Ел арасында "Қатал тағдыр" деген әнім кеңінен таралып кетті. Одан кейін "Сағынамен" деген әнге бейнебаян түсірдік.
Күні кеше ғана "Сүйгенді сүй" әнінің тұсауын кестік. Сосын жан жарыма арналған "Ғашықтар жыры" деген дуэт те өз тыңдармандарын таба жатыр деген ойдамын. Бала күнімде түрлі байқауларда жүлделі орынды иеленіп, "Сәт" триосымен бірге сахнада бірге өнер көрсеткен әншінің бірімін", - дейді әнші.
Сонымен бірге Азамат Оразбек сұхбат барысында қазақ эстрадасында әлі күнге дейін "аға-көкелері" арқылы шығатын әншілердің бар екеніне күйінді.
"Қазіргі таңда қалтаңда ауқымды қаражатың болса немесе тірегің болса, қалталы азамат, ағаларың болса ғана өнер жолында өз орныңды таба аласың деген оймен келісемін.Ондай жағдайлармен өзім де кездескемін, ол өте дұрыс емес деп ойлаймын.
Бойында үлкен өнері бар адам ғана үлкен сахнаға қадам басуы тиіс. Оның бәрін жою үшін, фонограмма дегенді жою керек. Егер соны жойып тастаса, кім әнші, кім "халтура" екені іріктеліп шығатын еді", - дейді өнерпаз.
Сондай-ақ ол қазіргі таңда мән-мағынасыз әндердің көбейіп кеткендігіне күйінді.
"Эстрадада халықтың құлағына кіріп, ойына сана беретін әндер болса екен деймін. Қазіргі таңда "қуғынбай", әні бір жақта, сөзі бір жақта жататын әндер көп. Ондай әндерде мән-мағына болмайды. Сондықтан тек қана халыққа, ән тыңдайтын жастарға ой-өнеге беретін әндер болса екен деймін", - деді әнші жігіт.

07 маусым 2019 ж. 401 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области