Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тұлғалар қайдан шығады?

Тұлғалар қайдан шығады?

Kyzylorda-news.kz. Ойы озық, сөзі сұлу, жандүниесі жарқын, мінезі көркем, дүниетанымы ерекше жандарды кім жақсы көрмейді дейсің, ондай адамға бәрі ғашық. Оларды тұлға дейміз. Бәрі де сондай адам болуға ұмтылады. Ұрпағын сондай тұлға қылсам деп тәрбиелейді. Ол адам баласына тән қалыпты құбылыс. Сондай тұлғалардың бірі – данышпан Абай. Дана – Абай, Хакім – Абай.
Енді, сұрақ. Осы Абайдың Абай болып қалыптасуына тегі рөл ойнады ма, әлде тәрбиесі ме? Қалай ойлайсыздар?
Тегі? Онда неге Құнанбайдың Абайдан басқа балалары да Абайдай бола алмады. Олардың да тегі бір емес пе еді?!
Тәрбиесі? Жоқ. Абай алған тәлім мен тәрбиені олар да алды. Оларды да дәрет алмай емізбеген. Оларды да Абайдың әжесі, қоршаған ортасы тәрбиеледі.
Онда, неге Абай тұлға да, Құнанбайдың қалған балалары жай ғана «Абай жолының» кейіпкерлері.
«Еее, білсең, өзің айтшы» дейсің ғой. Айтайын. Мұны да логос ілімінен біліп жатырмыз.
Тұлғаны тұлға қылатын не нәрсе дегенде, жауапты тек қана тек пен тәрбиеден ғана іздеп, сонымен шектелу дұрыс емес екен. Әрине, ол екеуінің де өзіндік рөлі бар. Бірақ, негізгісі олар емес екен. Негізгісі, ол Алладан әрбір адам баласына жіберілетін мына феномендерден екен:
– еркіндік;
– жауапкершілік;
– жасампаздық;
– шешім қабылдаушылық.
Қалыптың төрт қабырғадан тұратыны секілді бұлар да төртеу. Дұрыс, себебі бұл да тұлға жасаушы қалып қой. Дүниенің де төрт бұрышы бар. Тіршілік те – от, су, ауа, топырақ сынды төрт элементтен тұрады емес пе. Енді, логос тапқан осы төрт нәрсені өзіміздің ұлттық санадан іздейікші.
еркіндік. Қазақта «Балаңды сәби күнінде патшаңдай құрметте, есейгенше құлыңдай жұмса, есейгесін досыңдай сырлас» дейді (аз-мұз қате болуы мүмкін, маңыздысы ол емес). «Досыңдай сырлас» деуі, міне, еркіндікті қолына беруі. Есейгеннен кейін, оның тұлға болып қалыптасу процесі басталмақ.
жауапкершілік. Қазақ тәрбиесінде ол да бар. «Он үште отау иесі» дейді қазақ. Осы тектес тәлім-тәрбиелер баланың бойында жуапкершіліктің қалыптасуына сеп береді. «Өй, сендей кезімде үйтіп тастаушы едім, бүйтіп тастаушы едім» деген сөздердің астарында да сол тәрбие жатыр. Берген тәрбиеңіздің дәрежесіне қарай, бала бойында да белгілі бір дәрежеде әулет алдында деген, ұлт алдында деген, адамзат алдында деген әртүрлі деңгейде жауапкершілік қалыптаспақ.
жасампаздық. Ол да бар қазақта. Қазақ ұрпағын кішкентайынан жасампаздыққа, өнерге, іске, еңбекке баулиды. «Жігітке жеті өнер де аз», «Өнерлі өрге жүзер», «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» т.б. Бұл жерде де осы ұлттық тәрбиені дұрыс қолдана білу керек. Баланы кәсіпке баулығанда тек қана «нан табу, мал табу» үшін ғана емес, оның жалпы адамзатқа келтіретін пайдасын да көретіндей қып, мәні мен хикметіне үңілтіп тәрбиелеу керек. Олай етпесең, ол баладан тұлға емес, жай табыс табатын мәнсіз машина ғана шықпақ.
Шешім қабылдаушылық. Енді осы жоғарыда айтылғандардың бәрі қосылып келіп, осы негізгі феномен – шешім қабылдаушылыққа бекиді. Әр адам баласының өз өмір жолында шығарған шешімі, оның дәрежесі – жоғарыдағы үш феноменнің дәрежелеріне, берілген тәрбиеге тікелей байланысты.
Осы төртеуін дұрыс түсініп, үнемі есте ұстап, бала тәрбиесіне, өз-өзіңді тәрбиелеуге қолдана беру керек, қазақ баласы!
Көрдіңіз бе, Абайдың аға-інілері Абайдай бола алмады. Олар бар болғаны «Абай жолының» кейіпкерлері болуға шамалары жетті (Онда да Абайдың арқасында).
Ал, Шәкәрім ше?! Ол Абайдан кем түспеді. Себебі, ол Абайға тек тек жағынан ғана туыс емес, рух жағынан да, ойлау жағынан да туыс еді. Оның да рухани дүниесінде Алладан берілген аталмыш төрт феномен болды.

08 маусым 2019 ж. 506 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области