Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 10 маусым: Ел тарихында орын алған оқиғалар

10 маусым: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1996 жылы Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы қабылданды.

2004 жылы - ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ресми ашылуы өтті. Елордадағы Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуіріндегі № 461 қаулысымен құрылды. Басты мақсат - елорданың ақпараттық, білім беру және мәдени-ағартушылық инфрақұрылымын одан әрі дамыту.

2011 жылы Халықаралық көрме бюросының Париждегі штаб-пәтерінде ҚР СІМ-нің жауапты хатшысы, Нұр-Сұлтан кандидатурасын ұсыну бойынша ұлттық үйлестіруші Рәпіл Жошыбаев 2017 жылы ЕХРО халықаралық мамандандырылған көрмесін Астана қаласында өткізу туралы өтінім берді.

2016 жылы
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттер сатыла бастады. Бірінші билетті Нұр-Сұлтан қаласының 24 жастағы тұрғыны Олжас Оңалов онлайн сатып алды.

2018 жылы Қызылорда облысы Арал ауданында әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Сексеуіл кентінде спорт кешені ашылды. Шижаға елді мекенінде қайта жаңғыртылған сумен қамту жүйелері пайдалануға берілді.
10 маусым 2019 ж. 391 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области