Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аналардың айлығы көбейді

Аналардың айлығы көбейді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы «Жаңақорған» шипажайында еңбек ететін көп балалы және жалғыз басты аналардың еңбекақысы осыдан үш ай бұрын көбейіп, әлеуметтік жағдайлары жақсарған болатын. Енді осы игілікті іс Түркістан облысының «Манкент» шипажайында жалғасын тапты, деп жазады Egemen.kz.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көп балалы аналарға әлеуметтік көмектің барлық түрін қарастыру жөнінде тапсырма берген болатын. Мұны еңбек ұжымдары арқылы шешуге елімізде мүмкіндік бар. Мәселен, біз төмен жалақы алатын жұмыскерлердің еңбекақыларын көтеру, көпбалалы аналарға жәрдемақы төлеу, өмірге келген әрбір сәбидің ата-анасына материалдық көмек көрсету мәселелерін ұдайы көтеріп келеміз. Бұл өзекті мәселе ұжымдық шартта көрініс табуы тиіс. «Манкент» шипажайының басшылығы да осындай қадамға барып, ұжымда еңбек ететін көп балалы аналарды бір қуантып тастады. Осы шарапатты іс республиканың басқа да еңбек ұжымдарында жалғасады деген ойдамыз», – дейді Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы төрағасының орынбасары С.Дәулеталин.
 
«Біздің шипажайда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп демалатын қарапайым еңбек адамдары өте көп. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан келетін мұнайшылар да жетерлік. Қызметімізге барлығы да риза. Еңбегіңе алғыс алғаннан артық баға жоқ қой. Демалушылардың көңілінен шығып, мінсіз қызмет етіп жүрген ұжымның ішінде 11 көп балалы ана бар. Шипажайда барлығы 230 адам еңбек етеді. Ең төменгі еңбекақы 59 300 теңге. Енді оны 15 пайызға көтеруге шешім қабылдадық. Сонымен бірге көп балалы аналарға жылына екі айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде жәрдемақы төлеу мен ұжым мүшелерінің отбасында дүниеге келген сәбиге бір айлық еңбекақы көлемінде көмек көрсетуді ұжымдық шартқа енгіздік», – дейді «Манкент» шипажайының Бас директоры Хамрақұл Азатұлы Құрбанов.
Сондай-ақ «Меркі» шипажайы қызметкерлерінің жалақысы 1 маусымнан бастап 15 пайызға көтерілгені жөнінде де жағымды хабар жетті.

07 маусым 2019 ж. 327 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области