Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Митингіде полицейлерге гүл сыйлаған қыздың анасы мән-жайды түсіндірді

Митингіде полицейлерге гүл сыйлаған қыздың анасы мән-жайды түсіндірді

Kyzylorda-news.kz. Заңсыз митинг кезінде кішкентай қыз полиция қызметкеріне гүл сыйлаған. Осы сәтті қыздың анасы фотоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялапты. Сурет бірден қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Желі қолданушылары жас ана баласына төнген қауіпке қарамастан, митингіге қатысты деп ойлап, айыптаған. Алайда оқиға барысы мүлдем өзгеше болып шықты. Кішкентай қыздың анасы, журналист Саяжан Досжанова фотоның қалай түсірілгенін айтып берді. Ол суретке халық осыншалықты қызығушылық танытатынын күтпеген екен.
"Пабликтердегі адамдар менің есім дұрыс емес деп айтып жатты. Олар "баласын митингіге апаратындай, есінен адасқан ба, қауіпке қарамастан, "хайп" іздеді" деп жазды", - дейді Саяжан Facebook-тегі жеке парақшасында.
Ол астанадағы Республика мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында тұрады екен. Саяжанның айтуынша, кішкентай қызымен сайлау учаскесіне дауыс беруге бара жатқан. Бірақ дәл осы маңда митинг басталып кетіпті.
"Жолда қызым гүл жинады. Ол бақбақ гүлін жұлып, полицейлерге апарып берді. Қызым екі жаста. Бала ғой, бәріне бірдей мейірімді. Ол қолындағы гүлдерді бір-бірлеп ОМОН қызметкерлеріне тарата бастады. Осы сәтті фотоға түсіріп алайын деген ой келді. Фотоның тарихы осындай", - дейді Досжанова.


10 маусым 2019 ж. 546 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области