Kaspi bank қаза тапқан 5 баланың ата-анасының қарызын жапты
5 қыздың қазасынан кейін Kaspi bank олардың анасының қарызын жапты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Астана қаласына қарасты «Көктал-1» ықшам ауданындағы қайғылы оқиға елді есеңгіретіп тастағаны белгілі. 5 бүлдіршіннің қазасы елді дүр сілкіндіріп тастады. Бұл оқиғадан кейін халық балалардың ата-аналарына аз-да болса көмек болсын деген ниетпен шот ашып, қаржылай қолдау білдіруде.
Бұған дейін айтылғандай, 5 қыздың анасы Жанымкүл Ситердің бірнеше несиесі болған. Қазіргі таңда Kaspi bank Жанымкүл Ситердің несиесін жапты.
«Kaspi bank басшылығының ұйғарымымен Ситер отбасының несие қарызын жапты. Бұл сіздер ойлағандай, өзімізге пиар жасау емес» делінген банктің жазбасында.