Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » QAZKOM МЕН HALYK BANK-ТІҢ ҚОСЫЛУ ПРОЦЕСІ АЯҚТАЛДЫ

QAZKOM МЕН HALYK BANK-ТІҢ ҚОСЫЛУ ПРОЦЕСІ АЯҚТАЛДЫ


Қазақстанның екі ірі банкі интеграция процесін аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Біріккен банктің мәлімдемесінде: «Қазақстанның Халық банкі» АҚ және «Қазкоммерцбанк» АҚ 2018 жылғы 28 шілдеде 2018 жылғы 27 шілдедегі жағдай бойынша Табыстау актісіне қол қойды», - делінген.
Аталған құжат екі банк арасындағы ерікті қайта ұйымдастыру аясында Қазкоммерцбанктің бүкіл құқықтары мен міндеттемелерін Халық банкіне беруін білдіреді.
«Қазақстанның Халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуынша, бұл процесс бір жарым жылға созылған.
«Халық банкі мен Қазкоммерцбанктің бірыңғай технологиялық платформаға өтуі бойынша бүкіл шаралар жоспарға сай аяқталды. Халық банкінің және Қазақстанның бүкіл қаржы жүйесінің тарихында жаңа кезең басталды», - дейді ол.
Хабарланғандай, Табыстау актін бекіту туралы шешім 2018 жылдың 26 шілдесінде Халық банкі акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында, Қазкоммерцбанк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында және Қазкоммерцбанк және Халық банкі акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында қабылданды.
Бұдан бөлек, Халық банкі мен Қазкоммерцбанк барлық қажетті технологиялық жұмыстарды аяқтады. Соның нәтижесінде Қазкоммерцбанк пен Халық банкінің клиенттеріне енді Халық банкінің барлық филиалдары мен бөлімшелерінде қызмет көрсетіледі. Казкоммерцбанктің еншілес ұйымдары Халық банкінің еншілес ұйымдары болады.
31 шілде 2018 ж. 543 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области