Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІНІҢ САЛЫМШЫЛАРЫ «ҚАЗПОЧТА» АРҚЫЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚАТЫСА АЛАДЫ

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІНІҢ САЛЫМШЫЛАРЫ «ҚАЗПОЧТА» АРҚЫЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚАТЫСА АЛАДЫ


    Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалы бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Бану Ержанова мәлімдеді.
    Енді облыстың кез-келген тұрғыны банк ғимаратына келмей-ақ, «Казпочта» арқылы депозит ашу және толықтыру, несие төлеу секілді қызмет түрлерін артық төлемдерсіз жүзеге асыратын болады.
    – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшісі ретінде «Казпочта» АҚ-ның бірлесе жұмыс жасауы банк клиенттеріне қызмет түрін пайдалануға қолайлы жағдай жасайды. Бұл аудан мен ауыл тұрғындары үшін ыңғайлы болмақ. Кызылорда облысына қарасты аудандарда жалпы саны 36 бөлімше автоматтандырылған, яғни банк операцияларын орындауға дайын, Қызылорда қаласында қазіргі таңда 4 бөлімше осы бағдарлама бойынша жұмыс жасауда, - деді баспасөз конференциясында Бану Ержанова.
    Брифинг барысында сөз алған «Казпочта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Салтанат Есболғанқызының айтуынша, қала, аудан, ауыл орталықтарындағы бөлімшелерде жұмыс жасайтын операторлар банк бағдарламаларымен таныстырылған.

11 қаңтар 2018 ж. 669 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области