Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


    Қармақшы ауданында жыл басынан бері 17250 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда 104,8 пайызды құрады.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі С.Мақашов мәлімдеді.  
    Оның айтуынша ауданда құрылыс  жұмыстарының  көлемі  2 млрд 112 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда 4,1 есеге артты.
    - «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық қор есебінен Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша «Қармақшы ауданы Ақай елді мекенінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мен жайластыру» жобасының құрылыс жұмыстарына 142,9 млн теңге және облыстық бюджет есебінен 15,9 млн теңге, барлығы 158,8 млн теңге  бөлінді. Жоба бойынша 15,1 км электр желісі, 5 км қиыршық тас жолдарын салу қаралған. Мердігер «Нұр-Талап и К» ЖШС-і. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, - дейді аудан әкімі.   
    Сондай-ақ, брифинг барысында аудан әкімі «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында  2017 жылы көпқабатты көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен бөлінген 10 млн. 311 мың теңге қаржыға 3 көпқабатты тұрғын үйлерге үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілып жатқандығын айтты.  Мердігер мекеме - «Туған ел келбеті» ЖШС. Аталған үйлердің уақытылы және сапалы жөнделуі бақыланып,  жұмыстың 90 пайызы аяқталғандығын жеткізді аудан басшысы.  

14 қараша 2017 ж. 956 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области