Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда жыл соңына дейін 3900 жұмыс орны ашылады

Жаңақорғанда жыл соңына дейін 3900 жұмыс орны ашылады

Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданында жыл басынан бері 673 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жыл соңына дейін барлығы 3 мың 900 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Оның дені мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүзеге асуда. Мемлекеттік қолдаудың игілігін көргендердің бірі – Олжас Фазылов. Ол есеп және аудит мамандығын меңгерген. Алайда соңғы жылдары мамандығы бойынша тұрақты қызмет таппағаннан соң, жылқы бағып, қымыз өндіруге кірісіпті. Алдымен «Бизнес бастау» курсын оқып, 252 мың теңге грант иеленеді. Кейін 5 миллион теңге жеңіл пайызды несиеге қол жеткізіп, шаруашылығын үлкейткен.
«Жаңақорған кентінің тұрғындары емге саумал және қымыз ретінде Ақтөбеге аптасына екі рет 50-60 литрден жіберіп тұрамыз. Алдағы уақытта жасап жатқан жұмысымызды үлкейтсек деген мақсатымыз бар», - дейді Жаңақорған ауданының тұрғыны Олжас Фазылов.
 
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша,ауданымызда жыл басынан бері барлығы 61 үміткерге 273 миллион теңге қаржылай көмек берілді. 29 жасқа дейінгі жастарымызды қазір қысқа мерзімді 3 айлық курстан оқыту басталды. Яғни күз айынан бастап, 505 мың теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар беруді жоспарлап отырмыз», - дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жаңабек Тұрлыбеков.

11 маусым 2019 ж. 297 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области