Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ӘЛЕУЕТІ

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ӘЛЕУЕТІ


Жыл басынан бері Сырдария ауданындағы жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрап отыр.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 2018 жылы ауданда 100 адамға жоспарланып, республикалық бюджеттен 26 млн. 400 мың теңге қаржы қаралды.
Қажетті мамандықтар тізбесі бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия 9 мамандық бойынша тізбесін бекітті. Қазіргі таңда 80 адам оқутылуда. Кәсіби оқуға 25 бала аграрлық-техникалық колледжінде «Дәнекерлеуші» мамандығы бойынша жолданып, оқуды 24 бала бітіріп шықты.
Бағдарламаның екінші бағытына сәйкес (жаппай кәсіпкерлікті дамыту) 2018 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалы арқылы 33 адамға 105 млн. теңге, ал «Сырдария-1» несие серіктестігі арқылы 5 адамға 20,7 млн. теңге, «Өңірлік инвестициялық орталық» ЖШС арқылы 26 адамға 47,2 млн. теңге – барлығы 172,9 млн. теңге қаржы берілді.
Сонымен қатар, бағдарламаның «Бастау-бизнес» жобасына сәйкес 170 адам оқыту жоспарланса, 32 адам оқуды аяқтады, 35 адам оқуды жалғастыруда.
Бағдарламаның үшінші бағыты (халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) бойынша жастар практикасына республикалық бюджеттен 61,3 млн. теңге және облыстық бюджет есебінен 7,2 млн. теңге барлығы 68,5 млн. теңге қаржы қаралып, 190 жас маман тәжірибеден өтуге жоспарланып, 189 жас мамандықтары бойынша түрлі салаларға жолданып, 35,8 млн. теңге қаржы игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 9,4 млн. теңге қаржы қаралып, 30 адамды ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу жоспарланса, қазіргі таңда 15 мекемеге 40 азамат жолданып 4,3 млн. теңге қаржы игерілген.
Ақылы қоғамдық жұмыспен 400 жұмыссызды қамту белгіленіп, 378 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді. Атаулы әлеметтік көмек алуға жүгінген 730 отбасынан 338 отбасымен әлеуметтік келісім-шарт жасалған және 47 отбасына шартсыз ақшалай көмек, 291 отбасына шартты ақшалай көмек тағайындалды. Жыл басынан бос жұмыс орындарына 55 жұмыс берушілерден сұраныстар келіп, 6 рет жәрмеңке ұйымдастырылды. Нәтижесінде 48 адам тұрақты жұмысқа орналасып отыр.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 2018 жылға барлығы 93 млн. 716 мың теңге қаржы қаралған. 2018 жылдың I жартыжылдығына 253 отбасыға 26 млн. 555 мың теңге тағайындалды. Шартты ақшалай көмек тағайындалған отбасылардан 11 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 57 адам қоғамдық жұмысқа, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 1 адам жастар практикасына, 1 адам қайта даярлау курсына жіберілген.
Тұрғын үй көмегі бойынша 2018 жылға 8 млн. 586 мың теңге қаралған, есепті кезеңге 186 отбасы (1011 адам) 5 млн. 788 мың теңге тағайындалып, төленді.
Жергілікті өкілетті органның шешіміне сәйкес 344 адамға 25 млн. 344 мың теңгеге мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсетілді. Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге үйде тәрбиеленіп, оқытылатын 48 мүгедек балаға 1 млн. 674 мың тағайындалып, төленді.
Ал мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша барлығы 427 жеке оңалту бағдарламасы орындалды.
03 қазан 2018 ж. 859 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области