Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТУДА

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТУДА


Қармақшы ауданы бойынша жастар тәжірибесіне республикалық және жергілікті бюджеттен 73350,5 мың теңге қаралған. Аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың айтуынша, жыл басынан бері 177 жас маман 90 мекемеге жолданып, қаралған қаржының 25947,0 мың теңгесі игерілді. 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Биылға жылға қоғамдық жұмысқа жергілікті бюджеттен 42855,0 мың теңге қаржы қаралды. Жыл басынан 246 жұмыссыз азамат жіберіліп, 12492 мың теңге қаржы игерілді. Байқоныр қаласы бойынша 93 азамат жіберіліп, 8485,0 мың теңге қаржы игерілді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың І - бағыты бойынша осы жылға қайта даярлау курсына 100 адам жоспарланып, облыстық бюджеттен 33728,0 мың теңге қаржы қаралды.
Байқоныр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылы бойынша 60 адам оқуға жолданды. Ауданның қалған елді мекені бойынша 20 адам маусым айында, қалған 20 адам шілде айында жолданды.
Бағдарламаның ІІ - бағыты бойынша 2018 жылға жоспарланған 220 жұмыссыз азаматтарды «Бастау Бизнес» курстарынан өткізу жоспарланып, 45 азамат оқуға жолданды. 21 адам шағын несие алды.
Ал аталған бағдарламаның ІІІ-бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық және жергілікті бюджеттен 2018 жылға 17409,0 мың теңге бөлінді. Қаралған қаржыға аудан бойынша 34 кәсіпкерлік субьектілеріне 155 адам жұмысқа жолданып, 10242,0 мың теңге игерілді.
13 қыркүйек 2018 ж. 587 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области