ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ
Нақты кезеңде Жалағаш ауданында тұрып жатқан халық саны – 35985 адам. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 17770 (оның ішінде жұмыссыздар - 908).
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеген. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрап отыр.
Биылғы 2018 жылы ауданда 695 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған, есепті мерзімге 354 жаңа жұмыс орны ашылды немесе 51%. (Оның 316-і тұрақты).
Жыл басынан «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі 6 мерте өткізіліп, 41 адам жұмыспен қамтылды.
“Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы” аясында жыл басынан бері 1167 адам жұмыс іздеуші ретінде хабарласып, олардың ішінде 571 адам немесе 48,9 пайызы жұмысқа орналасты.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға республикалық бюджеттен 26,4 млн. теңге қаржы қаралды. Есепті мерзімге 47 адам қысқа мерзімді курстарға жолданып, 2,3 млн. теңге төленді.
Екінші бағыт бойынша – 40 өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамға 113,6 млн. теңге шағын несие берілді. Шағын несие алғандардың ішінен 22 адам кәсіпкер атанып, жеке ісін ашты.
Үшінші бағыт бойынша есепті мерзімге 945 адамға жұмысқа орналастыру бойынша қолдау шаралары көрсетілді, оның ішінде:
әлеуметтік жұмыс орындарына 58 адам жұмысқа жіберіліп, 5,5 млн.теңге қаржы төленді.
жастар тәжірибесіне 120 жас маман жастар практикасына жіберіліп, 19,3 млн. теңге төленді.
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 366 адам қоғамдық жұмысқа жіберіліп, 20,0 млн. теңге төленді.
Ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы бойынша жұмыс күші көп Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан делегациялар келіп, аудан тұрғындарымен кездесіп, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Нәтижесінде аудан бойынша 15 адам ерікті түрде қоныс аударуға ниет білдіріп, 4 отбасы қоныс аударды. 8 адам жұмыспен қамтылды.