Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Алматы полициясы ақын Ринат Зайытовтың ұсталуына қатысты мәлімдеме таратты

Алматы полициясы ақын Ринат Зайытовтың ұсталуына қатысты мәлімдеме таратты

Kyzylorda-news.kz. Алматы қалалық полиция департаменті азамат Р.Зайытовтың кеше түстен кейін қаланың Алатау ауданында орын алған заңсыз шеруге қатысқаны үшін полицияға жеткізілгендігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түсіндіру әңгімелесуі жүргізілгеннен кейін азамат Р.Зайытов үйіне жіберілді. Біраз уақыт өткеннен кейін полиция департаменті ғимаратының алдына азамат Р.Зайытовпен кездесуді қалаған азаматтар жиналды. Оларға Р.Зайытовтың үйінде екендігі айтылды. Бірақ жиналғандар тарамай қойды. Жиналғандардың мұнан арғы әрекеттері жаппай тәртіпсіздікке ұласып кетуі мүмкін екендігін ескеріп, құқық қорғау органдарының талабымен азамат Р.Зайытов адамдар жиналған жерге жеткізілді және ол олардың алдында сөз сөйлеп, заңды бұзбауға, құқық қорғау органдарының заңды талабын орындауға шақырды», - делінген қалалық департамент таратқан хабарламада.
Таратылған ақпаратта аталған факті прокуратура органдарының бақылауында екендігін атап өткен. Сонымен қатар ведомство мәліметінше, азамат Р.Зайытов өз үйінен бірнеше видео түсіріп, оны өзінің идеялық жақтастарына бағыттаған.
«Құрметті, бауырлар, алматылықтар. Алаңдайтындай ештеңе болып жатқан жоқ. Сондықтан барлықтарыңыздан үйлеріңізге қайтуларыңызды өтінемін. Ешкімге де реніш жоқ. Міне, қазір үйге бармақ болып жиналып жатырмын. Бауырлар, сіздер де үйлеріңізге қайтыңыздар», - деді ол өзінің видеоүндеуінде.

11 маусым 2019 ж. 336 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области