Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Абай жазған Қарамола жарғысының түпнұсқасы табылды

Абай жазған Қарамола жарғысының түпнұсқасы табылды

Kyzylorda-news.kz. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі қызметкерлерінің ғылыми іссапары барысында Қазан қаласынан құнды қазына табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл - 1885 жылы Абай төбе би болған Қарамола съезінде қабылданған жарғының 1886 жылы Қазан қаласынан шыққан басылымы. «Қарамола жарғысы» ХІХ ғасырдағы адам құқықтарының сақталуы мен бостандығы хақында Абайдың өзі құрастырып шығарған, халық арасына кең таралған ережелердің бірі. Бұл құжаттың қабылдануы мен ел арасына таралуы туралы деректер мен естеліктер өте көп. Қазіргі графикаға аударылған нұсқасы біраз уақыттан бері белгілі болса да, басылымның түпнұсқасы немесе көшірмесі беймәлім болатын», - делінген қорық-музейдің хабарламасында.
Бұл басылымды 1959 жылы ҚР Ғылым Академиясының қызметкері, ғалым Қарта Қаңтарбайұлы Қазан қаласынан тауып, аудармасын ғана жасап алған. Осы аударманың машинкада терілген нұсқасы музей қорында сақтаулы.
«Абай музейінде талай жыл қызмет атқарған Мұздыбай Бейсенбайұлы 1984 жылы Қазан қаласына барып қайтқан сапарында аталған жарғыны көргенін жазған. Алайда еліміздегі кітапханалар мен музей қорларында осы күнге дейін Қазан қаласында басылған Қарамола жарғысының бірде-бір көшірмесі болмаған. Хакім Абайдың бастамасымен қабылданған «Қарамола жарғысы» қадым жазуымен Қазан қаласындағы Императорлық университеттің баспаханасынан 1886 жылы Семей облыстық әскери губернаторының өкімі бойынша жарық көрген», - делінген хабарламада.
Табылған құнды құжат осы уақытқа дейін белгілі аудармаларды түпнұсқамен салыстыруға және жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.



13 маусым 2019 ж. 387 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области