Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ КІТАПХАНАСЫНДА ШӨПТЕН ЖАСАЛҒАН СИЯМЕН ЖАЗЫЛҒАН ҚАСИЕТТІ КІТАП САҚТАУЛЫ ТҰР

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ КІТАПХАНАСЫНДА ШӨПТЕН ЖАСАЛҒАН СИЯМЕН ЖАЗЫЛҒАН ҚАСИЕТТІ КІТАП САҚТАУЛЫ ТҰР


Қызылордада аяттары шөппен жазылған Құран кәрім кітабының түпнұсқасы сақтаулы, деп хабарлайды 24.kz.
1740 жылы Мысырдағы «Фарухи» баспасында қатталған жинақ облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ең құнды жәдігері саналады. Араб тілінде жазылған Құран түсініктемесінің мұқабасы арнайы иленген қоңыр түсті мал терісімен қапталған. 446 беттен тұратын туындыны кітапхананың ғылыми қызметкерлері өңірлік экспедиция барысында тапқан. Арнайы зерделеген ғалымдар хижра жылы бойынша 1293 жылы шыққан кітап аяттары мен сүрелері көмескілене қоймағанына таңданыс білдірді. Рухани құндылықтың қайнар көзі саналатын кітап қолжетімді болу үшін электронды нұсқасы әзірленді. Енді кез келген оқырман рухани ордадағы құнды жазбалардың бірегейін оқып тани алады. Жалпы 410 мың дана кітап қоры бар кітапханада көнеден сыр шертетін осындай 606 сирек туындының барлығы электронды форматқа көшірілді.
Нұржамал Мырзамұратова, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры:
- Облыс бойынша 4590 кітапты цифрлы форматқа көшіріп болдық. Оның 2390-ы кітаптар болса, қалғаны газет-журналдар. Өлкетануға қатысты араб, парсы, түрік, шағатай, қазақ, өзбек, орыс тіліндегі әдебиеттерден құралған.
25 маусым 2018 ж. 735 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области