Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӨШПЕЛІ КІТАП КӨРМЕСІ

КӨШПЕЛІ КІТАП КӨРМЕСІ


    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өркениет» медициналық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»  атты  көшпелі кітап көрмесін  ұйымдастырды.
     Еліміздің тарихи кезеңдердегі жүріп өткен жолын баян еткен көрмеде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бастамасының бағыты да кеңінен таныстырылды.  Колледж студенттері «Жаңа дәуірге қадам басқан - жаңа Қазақстан», «Тәуелсіздік толғаулары», «Қасиетті желтоқсанның ызғары» атты бөлімдерге қызығушылық танытты.
    Кітап көрмесінде көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі бірнеше ғасырлар сүзгісінен өткен, мемлекет шежіресінен сыр шертетін, қазақ хандығының құрылуы мен өркендеу кезеңдерінен мағлұмат беретін әдебиеттер топтастырылды.
    Елбасының жастарды ата тарихын ардақтауға, елін, жерін, сүюге шақыратын толымды шығармалары мен қатар баспасөз беттерінде жарияланған материалдары да қойылды.

12 желтоқсан 2017 ж. 1 473 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области