«ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗЫМЫН»
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы еліміздегі білім саласы үшін да жаңа міндеттер жүктегені анық. Осы тарихи мақаладан туындайтын білім мен тәрбиенің жаңа бағытына орай қалалық білім бөлімі «Сыр еркесі» балабақшасында «Тәуелсіздік таңының жұлдызымын» атты мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Бүлдіршіндерді туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға №4 әдістемелік аймаққа қарасты балабақшалардың 5-6 жас аралығындағы тәрбиеленушілері қатысты.
Байқау талаптарына сай бүлдіршіндер ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқыды.
Нәтижесінде, көрмендердің көзайымы болып, өз өнерімен тәнті еткен «Ботақан» балабақшасының тәрбиеленушісі Әмина Жақсыбай бас жүлдеге ие болды. «Алтын ұя» балабақшасының тәрбиеленушісі Димаш Ерленов бірінші орын алса, «Инажан» балабақшасынан Әсем Мұтәлі, «Томирис жүрегі» балабақшасының тәрбиеленушісі Виктория Забирова екінші орын иегерлері атанды. Ал «Сыр еркесі» балабақшасының тәрбиеленушісі Ұлдана Серікбай, «Камила» балабақшасынан Мерейлім Жаңақұл мен «Ералаш» балабақшасының бүлдіршіні Мунира Маратқызы үшінші орын алды.