БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы міндеттерге орай «Алтын ұя» балабақшасында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз үш тілде сөйлей білеміз» атты үш тілде ойын сабағы өткізілді.
Шарада ағылшын тілі маманы Ақмарал Тілеубаева «Ақжелкен» ересек тобының бүлдіршіндері арасында ойын технологиясы мен флипчарт әдісін пайдалана отырып, «Emotion» тақырыбында оқу қызметін ұйымдастырды.
Оқу қызметі барысында түрлі-түсті қарындаштар, аудиодиск, әліппе-дәптері, жұмыс-дәптері қажетті құрал-жабдықтары мен компоненттер қолданылды. Бүлдіршіндер үш тілде сәлемдесу әнін айтты. Маман жаңа тақырыпты бастамас бұрын, өткен тақырып бойынша «Менің Қазақстаным» тақырыбында қысқаша әңгіме жүргізіп, «Emotion» тақырыбымен таныстырды.
Балалар «Менің көңіл-күйім» ойыны барысында интербелсенді тақтаға назар аударып, түсініктерін үш тілде жеткізді. «Суретті аяқта» деп аталатын тапсырманы да балалар тиянақты орындап шықты.
Үшінші тапсырмада флипчарт әдісін пайдаланып, түсіп қалған сандарды сәйкестендіріп жазды. Шарада алған көңіл-күйлерін ғажайып смайликтер арқылы көрсетті.