ЖАҢАҚОРҒАНДА ШАҒЫН БИЗНЕС ӨРКЕН ЖАЙЫП КЕЛЕДІ
Тәуелсіздік күніне орай өңірлік коммуникация қызметінің бастамасымен БАҚ өкілдері Жаңақорған ауданындағы нысандарды аралады. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бастамасы аясында ұйымдастырылған шараға қатысқан журналистер әуелі аудандағы табысты өндіріс орындарының бірі – «Әсем тас» кәсіпорнында болды.
Жеке кәсіпкер Әсем Шауенова бұл өнеркәсіпті осыдан 2 жыл бұрын ашқан. Былтыр «Қазақстанның үздік тауар өндіруші» номинациясымен марапатталған «Әсем тас» Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталық арқылы 9 млн 700 мың теңге жеңілдетілген несие алып, түрлі формада сапалы тас төсеніш әзірлеуде. Серіктестік өнімі біздің облыспен қатар Оңтүстік Қазақстан облысына да жөнелтілуде.
Кәсіпорында қазір 8 адам тұрақты жұмыс істейді.