Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 17 маусымға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Жақын адамыңызбен сөзге келіп қаласыз. Отбасында аздаған қиындықтар туындайды. Ұрыс-керістің алдын алғаныңыз жөн. Кеңпейілділік танытыңыз. Бірақ тым ақкөңіл болмаңыз.
Торпақ
Бұл белгідегі ер адамдар бүгін кикілжің тудырмағаны дұрыс. Сондай-ақ тіс дәрігеріне бармағаныңыз жөн. Бүгін зат сатып алмаңыз. Ал нәзікжандар бірбеткейлік танытпаңыздар. Нәзік қалпыңызды сақтаңыз.
Егіздер
Денсаулығыңызға абай болыңыз. Басыңыздың «сақинасы» ұстап қалуы мүмкін. Оған себеп отбасындағы кейбір мәселелер болады. Сабырлы болыңыз. Бүгін жолға шықпаңыз, достармен қарым-қатынасты доғара тұрыңыз.
Шаян
Қарама-қайшылыққа толы күн. Сыртыңыз күліп тұрғанымен, жан-дүниеңіз алай-дүлей. Осының салдарынан қателіктерге бой алдырмас үшін бүгінгі күнді жалғыз өткізгеніңіз жөн. Барлығын ой елегінен өткізіңіз.
Арыстан
Алдағы күндерге тиянақты жоспар құрғандардың жолы болатын күн. Материалдық жағдайыңыз жақсарады немесе бастаған ісіңіз сәтімен аяқталады. Жеке өміріңізде аздаған өзгерістер болады.
Бикеш
Бүгінгі күн жолға шығуға, бейтаныс адамдармен байланыс орнатуға сәтті күн. Жұлдыздар жылдамдықты асырудан, өткір және электр тоғымен жұмыс жасайтын бұйымдарды қолданғанда сақ болуды ескертеді.
Таразы
Жемісті күн. Күш-қуатыңыздың тасығаны соншалық жұмысқа деген құлшынысыңыз артады. Бүгін жаңа жұмыс бастауға, келіссөздер жүргізуге қолайлы күн. Сіздер бүгін барлық жағынан оң шешім шығара аласыздар.
Сарышаян
Көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Маңызды мәселелерді шешу барысында ішкі түйсігіңізге жүгініңіз. Ол сізге дұрыс бағыт береді. Алдағы күндерге жоспар құрыңыз. Мәселен, жазғы демалысты қайда өткізетініңізді ойланыңыз.
Мерген
Бойыңыздағы энергияңыз тасиды. Жұмыста айтарлықтай жетістікке жетесіз. Романтикалық кездесулерден бас тартыңыз. Олар сізге қуаныш алып келмесі анық. Денсаулығыңызды күтіңіз.
Тауешкі
Өз ісіңізде белсенділік танытасыз. Сауда жасауда жолыңыз болады. Бүгін жаңа таныстықтар орын алады. Не болмаса өмір сүру дағдыңызды өзгертетін жаңалық естейсіз. Бүгін маңызды шешім қабылдайсыз.
Суқұйғыш
Рухани байисыз. Бүгін көптен бергі армандарыңыздың бірі орындалады. Сонымен қатар бүгін сіз күтпеген оқиғалар орын алады. Сізге толыққанды демалыс қажет.
Балықтар
Бүгін көңіл-күйіңіз керемет. Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыз жақсара түседі. Бірақ барлығына бірдей жұмсақ мінез танытпаңыз. Әйтпесе абыройыңызға кір келуі мүмкін. Өміріңізді өзгерту өз қолыңызда.