Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалылық тұрғын алма бағын өсіріп жатыр

Қазалылық тұрғын алма бағын өсіріп жатыр

Kyzylorda-news.kz. Әйтеке би кентінің тұрғыны Нәби Жидебай Басықара ауылынан бес шақырым жердегі ескі дарияның орнынан алма бақ өсіруді қолға алып, 5 гектар жерге алма, алмұрт және жүзімнің көшеттерін егіп тастады.

«Өткен жылы аукцион арқылы Басықара ауылдық округінен 50 гектар жер алып, көптен ойда жүрген істі бастадым. Мезгілінде үй іргесіне түрлі жеміс-жидектер отырғыздым. Тіпті қайбір жылы 15 түптей жүзімнен бір тоннаға жуық өнім жинағаным бар. Кейін шарбақтан үй тұрғызатын болып, бәрін кесіп тастауға тура келді. Сонымен сырттан жер алып, жеміс-жидек өсіруді қолға алдым», – дейді Нәби Жұмабайұлы.
Иә, арман-мақсаты асқақ адам кез келген қиындыққа қарамастан өз дегеніне жетпей қоймайды. Нәкең былтыр бес гектар алқапқа 200 түп алма, алмұрт, 300 түп жүзім және 20 түп қызыл шие көшеттерін отырғызған. Күш-қайраты мен еңбегіне сенген азамат көшеттерді Түркістан облысының Сарыағаш ауданынан алдырды. Оның айтуынша, алма, алмұрттың бұл сорты қысқа төзімді.
Нәби Жидебайдың ендігі мақсаты – сол алма, алмұрттан мол өнім алу. Қазір ол әр ағашты жеке-жеке қарап, баптап, күтіп жүр. Аталған алма, алмұрт сортының толық жеміс беруіне біршама уақыт керек.
«Қанша еңбек етсең сонша өнім аласың. Барлығы «алма мен алмұртты егіп қойсаң, өзі өсіп, өнім береді» деп ойлайды. Алайда ол олай емес. Әр түп жеміс ағашын балаңа қарағандай күні-түні аялауың керек. Түбін жұмсартып, уақытылы дәрі-дәрмек пен дәруменін бересің. Түрлі кеселден қорғайсың. Минералды тыңайтқыш пен дәрі-дәрмекті өлшемімен бермесең, қуратып, өлтіріп алуың мүмкін. Сөйткенде ғана бейнетіңнің зейнетін көріп, табысқа кенелесің», – дейді бағбан.
Бағбан жеміс ағашына аяқсуды Сырдария өзенінен насос арқылы алып, тамшылату әдісімен суарады. Бұл үшін арнайы аппарат пен қажетті құрал-жабдықтарын алдырды.
“Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды” демекші, еңбекқор бағбанның алға қойған мақсаты көп. Оның айтуынша, мемлекет тарапынан қолдау болатын болса, жылыжайда көкөніс өсірумен де айналысу ойында бар.
17 маусым 2019 ж. 534 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области