Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыс әкімі қоғамдық қабылдаулар арқылы келіп түскен арыз-шағымдарды қатаң бақылауға алуды тапсырды

Облыс әкімі қоғамдық қабылдаулар арқылы келіп түскен арыз-шағымдарды қатаң бақылауға алуды тапсырды

Kyzylorda-news.kz. "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қызылорда облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев тұрғындардан келіп түскен сұрақтардың мұқият қаралуын және орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

"Тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдарды жергілікті атқарушы органдар тыңғылықты қарап, оның орындалуын және мәселенің шешілуін қатаң бақылауға алсын. Арыз-шағымдардың орындалу барысы туралы тоқсан сайын талдау жасап, қорытындысын баяндап отырыңыздар", - деді Қ.Көшербаев.
Сондай-ақ, аймақ басшысы лауазымды тұлғалардың өтініштерді қарау мәселесінде жауапкершілік танытуларын ерекше атап өтті.
"Сырғытпа жауаптар мен сөзбұйдалыққа салған қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі, қажет болса партиядан шығару және қызметтен босату мәселесіне дейін қаралатынын қатаң ескертемін!", - деді облыс әкімі.
18 маусым 2019 ж. 418 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области