Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Village life» жобасы ұйымдастырылды

«Village life» жобасы ұйымдастырылды

Kyzylorda-news.kz. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының «Тарихи сананы жаңғырту» тарауында көрсетілген мектеп туризмін дамыту жұмыстары бойынша Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі «Village life» жобасын ұйымдастырды.

Жобаның бірінші сапары Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының үздік оқушыларының қатысуымен Сырдария ауданы, Бесарық ауылдық округінде өтті. Оған үздік оқушылар, көп балалы отбасынан шыққан балалар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар қатысты.
Қала жастары ауылдың негізгі кәсібі - мал шаруашылығымен, атқа міну мәдениетімен танысты. Жоба аясында ауыл шаруашылығына байланысты ұмыт қалған көне сөздер бала жадында жаңғырды, ұлттық салт-дәстүр насихатталды, мал шаруашылығына қатысты ырым-тыйымдар көрсетілді. Балалар сүт өнімдерін жасау, кілем және ши тоқу технологиясымен таныс болды.Қала жастары ауыл шаруашылығына қатысты мамандық (зоотехник, ветеринар, зооселекционер т.б.) таңдауға бағыт алды.
Облыстық музейдің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу бөлімінің Сырдария ауданы Бесарық ауылына ұйымдастырған экскурсиялық-саяхаты қаланың күйбең тіршілігінен бір сәт босап, балаларға ауыл тынысымен тыныстауына мүмкіндік берді. Балалар арасында «Зымыран» ойыны, кіру және шығу тесттері жүргізілді. Ауылдың таза ауасы мен ұйыған тыныштығы кімді де болса өзіне тартып тұратыны анық.
Қыз балалар әже-апалармен құрт жасап, кілем мен ши тоқып, шат күй кешті. Саяхат барысында төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерден топ арасында жарыс ұйымдастырылды. Қазақтың лиро-эпостық жырларындағы батырлар арғымақтарының есімдері еске түсірілді. Ауыл тұрмысына байланысты бұйымдар аталып, атқаратын қызметтері балаларға көрсетілді.
«Village life» жобасы аясында ортағасырлық Қышқала және Бұқартөбе қалашықтарына тарихи-танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды. Жобаға барлығы 16 қала мектептері қатысады. Саяхат соңында «Ауылдағы бір күн» атты эссе жазып, ұмытылмас күнді қағаз бетіне түсірді.

18 маусым 2019 ж. 490 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области