Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Жаңғырған ауыл»: Ауыл шаруашылығы саласының мамандары бас қосты

«Жаңғырған ауыл»: Ауыл шаруашылығы саласының мамандары бас қосты

Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жаңғырған ауыл» жобасы аясында «Ауылшаруашылығы мамандығының имиджі және агроөнеркәсіптегі жаңа технологиялар» атты семинар өтті. Бұл туралы облыстық ҚХА баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға қала мектептерінің бітіруші түлектері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, оқу орындарының оқытушы-профессорлары және шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің аграрлық техника және жаңа технология кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Асанхан Шаханов өз баяндамасы барысында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі ауыл шаруашылығы мамандығына бөлінген гранттар мен одан әрі жұмыспен қамту мәселесін, өңірдегі күріш өндіру саласына альтернатива табу және су тапшылығынан туындайтын мәселелерді жеңудің оңтайлы жолдарымен бөлісті.
Шара соңында қатысушылар ортаға салынған ұсыныстарды талқылап, өз ойларымен бөлісті. Мектеп бітіруші жастар оқу орнына түсу жолдары мен жұмыспен қамту шараларына тоқталып, сұрақтарын қойды.
Жыл көлемінде ауыл жастарына қолдау көрсету, ауыл шаруашылығы мамандығының имиджін арттыру бағытында аудан орталықтарында ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен кездесу өткізу, ауыл жастарына арналған шаруа қожалықтары мен алдыңғы қатарлы ауылдарда экскурсиялар және сала мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел отырыстарын өткізу қарастырылған.
19 маусым 2019 ж. 309 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области