Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ауылшаруашылығы саласының өкілдері кезектен тыс Президент сайлауының өтуіне қолдау білдірді

Ауылшаруашылығы саласының өкілдері кезектен тыс Президент сайлауының өтуіне қолдау білдірді

Kyzylorda-News.kz. «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова облыстағы ауылшаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті. Онда алдағы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс өтетін сайлауын талқылады.Сөз басында филиал төрағасының бірінші орынбасары "Ауыл шаруашылығы қай кезеңде болмасын экономиканың локомотиві болып қала беретіндігін айтты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамыту, жаңа технологияларды енгізу мәселелерін сөз етті.
«Қызылорда облысы 2019 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойныша қарқынды дамып келе жатқан үздік өңірлердің бестігіне кірді. «Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ» деген. Жалпы айта кету керек, ауыл шаруашылығы саласы бойынша өнім өндіру 1,3 пайызға артты. Бұл - тыңға түрен салып, саладағы жаңа жобаларды жүзеге асырудағы сыр аграрларының еңбегі деп білемін», - деді Ақмарал Әлназарова.
Сондай-ақ, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде Партия Төрағасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» партиялық жобасының ауылшарушылығын дамытуға оң әсер ететінін де атап өтті.
Кездесу барысында сала мамандары еліміздегі саяси оқиғаның маңыздылығы жан-жақты талқыланды. Бұл орайда, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі шешімін, қажет кезінде қабылданып отырғандығын айтады.
«Әлемде түрлі жағдай болып жатқанда біздің елдің бекем бірлігі мен түзу тірлігі жұрттың көз алдында. Сондықтан нақтылық керек. Ал, Президент шешімі осы нақтылыққа апарар нағыз жол»,-деді өз сөзінде Жалағаш ауданынан келген «Таң ЛТД»ЖШС-нің директоры Имамзада Шағыртаев.
Жиын соңында қызылордалық аграрилер кезектен тыс Президент сайлауының өтуін толық қолдады.
19 сәуір 2019 ж. 565 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области