Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысы еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан үздік бес өңірдің қатарында

Қызылорда облысы еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан үздік бес өңірдің қатарында

Соңғы 6 жылда мұнай мен газ өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, Қызылорда облысы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша республиканың қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің үздік бестігіне кіреді: өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны, экономикаға инвестиция тарту көлемі, құрылыс жұмыстарының көлемі және тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша аймақтың өсу көрсеткіштері республикада орташа көрсеткіштерден жоғары.
Бүгін Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар-наурыз аралығындағы елдің әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары айтылды. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны, экономикаға инвестиция тарту, құрылыс жұмыстары мен тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша - көшбасшылар қатарында.
«2019 жылдың І тоқсанында негізгі капиталға салынған инвестиция 84 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,3 есеге өсті. Бұл республика бойынша ең үздік көрсеткіш (ҚР бойынша орташа өсім 7% құрады)»,- деді Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев.
Өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 4,1 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге өсті.
"Жалпы, соңғы 6 жылда өңдеу өнеркәсібі өнімінің өндіріс көлемі 71% артты. Бұл көрсеткіш республика бойынша есепті кезеңде орташа есеппен 16,2% құрайды", - деп атап өтті Р.Сұлтангереев.
Құрылыс саласында да оң серпінге қол жеткізілді. Мәселен, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 20,4% ұлғайды, ал республикада орташа өсу көрсеткіші 8,9% құрап отыр. 126 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% артық. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Қызылорда облысы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, яғни 700 мың шаршы метр баспана бой көтерді.
"2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында құрылыс жұмыстарының көлемін арттыру (120,4%) Арал және Қазалы аудандарында газ және мұнай магистральды құбырлары, компрессорлық станция құрылысы, Шалқия кенішінде сыртқы электрмен жабдықтауды қайта құру, Сырдарияның сол жағалауындағы құрылысты дамыту есебінен жүзеге асырылды. 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында тұрғын үйлерді пайдалануға беру өсімі жеке тұрғын үйлерді пайдалануға беру есебінен 12,9 пайызға артты. Бұл халықтың мүмкіндіктерінің, олардың табыстарының артқанын көрсетеді", - деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағамбетов.
16 сәуір 2019 ж. 434 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области