Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ӨСІМ БАР

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ӨСІМ БАР


    Қызылорда облысында 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 547,9 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,2% құрады.
    Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне  орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда.
    Атап айтқанда, есепті кезеңде 360,1 млрд. теңгенің 5 145,6 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 88,2%-ға орындалған.
    Өнеркәсіптің 81,2%-н (негізінен мұнай саласы) құрап отырған кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 445,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 93,1%  құрап отыр.
    Оның ішінде 43,5 млрд. теңгеге техникалық қызметтер көрсетіліп, нақты көлем индексі 26,6%-ға артқан.
    Дегенмен де, бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 21,5 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), өнім көлемі 103,0%-ды құраған.
    Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 2017 жылдың 9 айында  78,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп отыр.
    Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіп 2,5 есеге артқан, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 10,0%-ға, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру («уранның закись-окись» өнімі) 3,0%-ға артқан.

14 қараша 2017 ж. 809 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области