ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА ӨРЛЕУ БАР
Қармақшы ауданының өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындары 1 млрд 836,1 млн теңгенің өнімін өндірді. Өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 125,6 пайызды құрады. Оның ішінде, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерлерді қазу саласы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 74,2 пайызды, ал өңдеу өнеркәсібі – 116,8 пайызды құрады. Аудан бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 2 млрд 571,5 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызды құрады.
Аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 млрд 077,2 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 43,2 пайызды құрады.
Есепті кезеңде 12000 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,4 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд 525 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4 есеге артты.
«Қызылорда облысы Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысы» объектісінің құрылыс жұмыстарына 2017 жылы облыстық бюджеттен 25,0 млн. теңге, 2018 жылы республикалық бюджеттен 1899,0 млн. теңге және облыстық бюджеттен 108,3 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.