Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Инвестициялардың өсу қарқыны бойынша Қызылорда алғашқы үштікте

Инвестициялардың өсу қарқыны бойынша Қызылорда алғашқы үштікте

Қазіргі таңда Қазақстанның инвестициялық әлеуеті жоғары деңгейде деп айтуға толық негіз бар. Сондай-ақ орталық Азияға тікелей инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы болып табылады.

Соңғы 13 жылда Қазақстанға түсетін инвестициялардың көлемі 277 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Оның ішінде ағымдағы жылдың бірінші жартысында ТШИ-ның көлемі 15,4 пайызға артып, 12,3 миллиард долларды құрады.
Жалпы алғанда, SPIID арқасында, өңдеу өнеркәсібі инвесторларды қызықтырып, шетелдік инвестициялар құрамындағы оның үлесі 2,9 есе өсті.
Ағымдағы жылдың 10 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 8,6 трлн.-ға көбейіп, 20,8 пайызға өсті, оның ішінде шетелдік инвестициялардың үлесі 29,5 пайызға, яғни 2,5 трлн. теңгеге артты.
Осы орайда Қызылорда облысында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің артуы байқалады. Мәселен, биылғы жылдың 10 айында аймақта инвестициялардың өсімі 10,3 пайызды көрсетті. Сонымен бірге облыста өңдеу өнеркәсібі 1,9 есе өскенін ерекше атап өткім келеді. Нәтижесінде Сыр өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны бойынша аймақ алғашқы үштікке кірді.

Ерлан ХАИРОВ,
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы.
04 желтоқсан 2018 ж. 397 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области