Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » НЕГІЗГІ САЛАЛАРДА ӨСІМ БАР

НЕГІЗГІ САЛАЛАРДА ӨСІМ БАР


Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштерде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім бар. Айталық құрылыс жұмыстарының көлемі 11,8%, негізгі капиталға салынған инвестициялар -11,6%, көлік – 6,8%, байланыс – 8,5%, сауда – 2,1%, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі – 1% артқан.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекееваның қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
Департамент басшысының айтуынша, аймақ көлемінде тіркелген заңды тұлғалар саны – 10486 бірлікті, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны – 7513 бірлікті, белсенді заңды тұлғалар саны – 4458 бірлік құраған.
– Ал, шағын және орта бизнес мониторингі 2018 жылдың 1 қыркүйегіне 51601 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелгендігін көрсетіп отыр. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес (ШОК) субъектілер саны 11,3 пайызға артты.
ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 72,8 пайызды, шаруа (фермер) қожалықтары – 14,8 пайызды, шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 12,4 пайызды құрады, - деді ол.
20 қыркүйек 2018 ж. 683 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области