Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2018 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша айына 61036 теңгені құрады және 2017 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 3,3%-ға өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 2,3%-ға өсімі кезіңде халықтың нақты ақшалай табыстары 3,4%-ға төмендеді.
Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу
2018 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 16,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2018 жылғы маусымның соңына 8,1 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,3%.
2018 жылғы I тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 122022 теңгені құрады.
Баға
Тұтыну бағаларының индексі 2018 жылғы маусымда 2017 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 103,1% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 3,3%-ға, азық-түлік емес тауарларына – 2,4%-ға, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер – 3,5%-ға өсті.
Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2018 жылғы маусымда 2017 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 20,3%-ға өсті.
Ұлттық экономика
2018 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 87049 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,2%-ға көбейді.
2018 жылдың 1 шілдедегі тіркелген заңды тұлғалар саны 10443 бірлікті құрады, оның ішінде 10103 бірлік 100 адамнан аз қызметкерлері бар. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 7466 құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 7126 бірлік.
Сауда
2018 жылғы қаңтар-маусымдағы «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 101,9%-ды құрды.
2018 жылғы қаңтар-маусымда бөлшек сауда көлемі 130156,3 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-маусымымен салыстырғанда 101,1% құрады (салыстырмалы бағада).
2018 жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда көлемі 71701,3 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-маусымымен салыстырғанда 103,4% құрады (салыстырмалы бағада).
Экономиканың нақты секторы
2018 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 437677,9 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі 2017 жылғы деңгейден 4,7% кеміді. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 6,1% кемісе, өңдеу өнеркәсібінде өсім 0,5% , электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауда 20,3% құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 17477,3 млн. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 2,7% артты.
2018 жылғы қаңтар-маусымындағы «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 109,1%-ды құрды.
2018 жылғы қаңтар- маусымында жүк айналымының көлемі 5926,6 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2017 жылғы қаңтар-маусымымен салыстырғанда 0,4% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 3299,1 млн. жкм құрап, 9,1% артты.
Қаржы жүйесі
2018 жылғы I тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 66447,0 млн. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 59,9%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 29,9%-ды құрады.

17 шілде 2018 ж. 804 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области