2018 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-АҚПАНҒА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БӨЛШЕК САУДАСЫ
2018 жылғы қаңтар-ақпанға бөлшек сауда айналымы 36390,9 млн. теңгені құрады немесе 2017 жылғы тиісті кезеңіне 100,1 пайыз. 2018 жылғы қаңтар-ақпанда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 11102,3 млн. теңгені құрады немесе 2017 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда нақты мәні 4,2%-ға төмен.
Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік тауарлары бөлшек сауданың жалпы көлеміне 32,1% кұрады. Азық-түлік тауарлардың бөлшек саудада өткізу көлемі 11668,4 млн. теңгені құрады, ал азық-түлік емес тауарлары 24722,5 млн. теңгені құрады.
2018 жылғы 1 наурызға бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 4865,3 млн. теңгені құрады, саудадағы күндері 42 күн.
2018 жылғы қаңтар-ақпанда облыс бойынша бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес салмақты Қызылорда қаласы болып келеді.