ҚАЗАҚСТАНДА ҚАҢТАР-АҚПАНДА АЛТЫН ӨНДІРІСІ 4,7 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ
Қазақстанда 2018 жылғы қаңтар-ақпан айында өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын өндірісі 13 562 келіге жетті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 4,7% көп, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сүйенсек, есепті кезеңде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күміс өндіру көлемі былтырғыға қарағанда 10% қысқарып, 151 425 келіні құрады.