Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ 2,5 ЕСЕГЕ АРТТЫ

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ 2,5 ЕСЕГЕ АРТТЫ


    Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 547,9 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,2% құрады. Бұл туралы Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы мамандары хабарлады.  
     Басқарма есебінше, өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы (90%-ға дейін) мен шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда.
    Атап айтқанда, есепті кезеңде 360,1 млрд. теңгенің 5 145,6 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 88,2%-ға  орындалған (2016 жылдың 9 айында 5 834,7 мың тонна шикі мұнайы өндірілген).
    Өнеркәсіптің 81,2%-н (негізінен мұнай саласы) құрап отырған кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 445,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 93,1%  құрап отыр.
    Бұл саладағы өсім «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда байқалып отыр. Мұнда тоғыз айда  21,5 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп, өнім көлемі 103,0%-ды құраған.
    Өнеркәсіптік өңдеу саласында 2017 жылдың 9 айында 78,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,2% құрап, өнім көлемі 6,2%-ға артқан.  
    Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіп 2,5 есеге ұлғайса, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 10,0%-ға, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру 3,0%-ға артып отыр.

24 қараша 2017 ж. 894 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области