Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » НЕГІЗГІ САЛАЛАРДА ӨСІМ БАР

НЕГІЗГІ САЛАЛАРДА ӨСІМ БАР


    Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Статистика агенттігі Қызылорда облысы бойынша статистика департаментінің өткен жыл қорытындысына арналған брифингі өтті. Сала басшысы Мәриям Баекеева былтыр атқарылған жұмыстар жайын баян етіп, алдағы міндет-межелерге тоқталды. Департамент басшысы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау бағытындағы жұмыстарды атап өтті.  
    Былтыр облыста өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 4,6% артқан. Өсім жеңіл өнеркәсіпте 3,4 есе, сусындар өндіруде 2,1 есе, жиһаз шығаруда 22,1%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнатуда 1,6%, негізгі бағалы және түсті металдарды өндіруде 1,6%-ды құрады.
    Сондай-ақ, 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыс бойынша 1582,2 млн кВт.с. электрэнергиясы өндірілді, оның ішінде 1,3 млн. кВт.с күн электр станцияларымен өндірілген.
    2017 жылдың қаңтар–желтоқсанында 104,6 млн. тонна жүк және 367,5 млн. жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,2 және 109,5 пайызды құрады.
    – Бесінші басымдық аясында, жүзеге асып жатқан бағдарламалар арқасында облыстағы пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі соңғы 5 жылда 2 еседен аса өскен. Тұрғын үймен қамтамасыз ету 2018 жылдың 1 қаңтарына 20,1 шаршы метрді құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 3 пайызға жоғарылаған, – деді департамент басшысы.
    Соңғы 10 жылда аймақта халық 150 мың адамға көбейіп, 2017 жылдың 1 желтоқсанында облыс тұрғындарының  саны 782,1 мың адамға жетті.
    Жолдаудағы жетінші басымдық бағытында сөз сабақтаған Мәриям Жәдігерқызы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналатынын айтып өтті. Былтыр ІІІ тоқсанда облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандар саны 332,5 мың адамға жетті, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 117,2 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі-4,8, оның ішінде жастар жұмыссыздығы 4,5 пайыз болды.
    Сегізінші басымдыққа сәйкес, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді.
    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық жүйесі басқа мемлекеттік органдардың 28 ақпараттық жүйесімен біріктірілген. «Е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесі аясында «on-line режимде деректер жинау» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Ол респонденттерге статистикалық органға бармай-ақ сандық қолтаңба арқылы есептілікті тапсыруға мүмкіндік береді.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау шеңберінде іс-шаралар  жүргізіледі.  
    Мемлекеттік статистика саласындағы заңнамаларының талаптарын сақтау тұрғысынан  мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру аясында 2017 жылы бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзғанғаны, дәйексіз бастапқы статистикалық деректер ұсынғаны үшін 275 әкімшілік іс қаралып, 10 065 284 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде мемлекет пайдасына 8 613 124 теңге өндірілді.

23 қаңтар 2018 ж. 551 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области