ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
2018 жылғы 1 тамызына жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер саны өткен жылғы тиісті кезеңдегі сәйкес мерзіммен салыстырғанда 10,8%-ға көбейген. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 72,8%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 12,3%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 14,7%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,2%-ды құрады.
Статистикалық бизнес-тіркелімнің деректері бойынша жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлердің ең көп саны Қызылорда қаласында (жалпы санынан 52,4%), Арал (9,7%), Қазалы (9,4%), аудандарында шоғырланған.
Жұмыс істеп тұрған шаруа (фермер) қожалықтарының едәуір саны Жаңақорған (22,2%), Шиелі (14,5%) және Сырдария (12,5%) аудандарында белгіленген.