Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ


Тұрмыс деңгейі
2018 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша айына 61036 теңгені құрады және 2017 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 3,3%-ға өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 2,3%-ға өсімі кезіңде халықтың нақты ақшалай табыстары 3,4%-ға төмендеді.
Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу
2018 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 16,8 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2018 жылғы шілденің соңына 8,2 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,4%.
2018 жылғы II тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 133516 теңгені құрады.
Баға
Тұтыну бағаларының индексі 2018 жылғы шілдеде 2017 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 103,1% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 2,8%-ға, азық-түлік емес тауарларына – 2,9%-ға, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер – 3,6%-ға өсті.
Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2018 жылғы шілдеде 2017 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 22,6%-ға өсті.
Ұлттық экономика
2018 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 106229 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5%-ға көбейді.
2018 жылдың 1 тамыздағы тіркелген заңды тұлғалар саны 10454 бірлікті құрады, оның ішінде 10114 бірлік 100 адамнан аз қызметкерлері бар. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 7504 құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 7164 бірлік.
Сауда
2018 жылғы қаңтар-шілдедегі «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 102,0%-ды құрды.
2018 жылғы қаңтар-шілдедегі бөлшек сауда көлемі 152237,9 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 101,1% құрады (салыстырмалы бағада).
2018 жылғы қаңтар-шілдедегі көтерме сауда көлемі 84832,4 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 103,8% құрады (салыстырмалы бағада).
Экономиканың нақты секторы
2018 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 514435,6 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі 2017 жылғы деңгейден 5,3% кеміді. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 6,2%, өңдеу өнеркәсібінде 1,3% кемісе , электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауда өсім 25,7% құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-шілдеде ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 22823,3 млн. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 1,9% артты.
2018 жылғы қаңтар-шілдесінде «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 106,8%-ды құрды.
2018 жылғы қаңтар- шілдесінде жүк айналымының көлемі 6907,8 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2017 жылғы қаңтар- шілдесімен салыстырғанда 0,3% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 3900,0 млн. жкм құрап, 9,3% артты.
Қаржы жүйесі
2018 жылғы I тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 66447,0 млн. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 59,9%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 29,9%-ды құрады.

Қызылорда облысының Статистика департаменті
16 тамыз 2018 ж. 697 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области