Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СТАТИСТИКА: ИНВЕСТИЦИЯ, ҚҰРЫЛЫС, САУДА АЙНАЛЫМЫ

СТАТИСТИКА: ИНВЕСТИЦИЯ, ҚҰРЫЛЫС, САУДА АЙНАЛЫМЫ


Қызылорда облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекееваның мәліметіне сәйкес, облыста жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 134 млрд. теңгені құрады, яғни 11,6 пайызға өскен. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың біршама үлесі кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (45,6 пайыз), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (14,2 пайыз), көлік және коймалау (6,7 пайыз) салаларына тиесілі.
- Өндіру өнеркәсібінде инвестициялар 14930 млн. теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанды 3 есеге көбейіп отыр. Ағымдағы жылдың 8 айына құрылыс жұмыстарының көлемі 39 млрд. теңгені құрады, 2017 жылдың қаңтар-тамызына 11,8 пайызға артты. 2499 жаңа ғимараттар салынды, олардың 2425 тұрғын үйге және 74 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар болып табылады. 2018 жылғы қаңтар-тамыздағы бөлшек сауда айналымы 175,7 млрд. теңге немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 101,0 пайызды құрады. Көтерме сауда 99,6 млрд. теңгені құрады немесе 104,0 пайызды құрап отыр, - дейді департамент басшысы.
Сонымен қатар, алдын ала деректер бойынша 2018 жылдың қаңтар-шілдесіне Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 42,2 млн. АҚШ долларын құрады, немесе 2017 жылғы қаңтар-шілдесіне қарағанда 10,3%-ға көп. Экспорт құрылымының басым бөлігін, ас тұзы мен басқа техникалық тұздар 58 пайыз, күріш 29,4 пайыз, табиғи құм 7,5 пайыз, балық 3,6 пайыз және мұнай өнiмдерi 1,2% құрап отыр. Жыл басынан ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар, құрал-жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (41,1%) әкелінді.
21 қыркүйек 2018 ж. 662 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области