Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Игі жобалар – ұйым жұмысының негізгі бағыты

Игі жобалар – ұйым жұмысының негізгі бағыты

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің өтуіне орай «Магистральдық желі бөлімшесі» БПҰ-ында жиналыс өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Онда бастауыш ұйым төрағасы Ибраким Басықараев Елбасының съезде айқындап берген төрт әлеуметтік жобалары алдағы уақыттағы ұйым жұмысының негізгі бағыты болатынын тілге тиек етті.
«Бұл жобалар аз қамтылған, көп балалы отбасыларға көмек көрсету, ауылдық жерлерді көркейту, өңірлерді дамыту сияқты өзекті әлеуметтік мәселелерді қамтиды. Сондықтан біздің ұйым осы жобаларды тиімді жүзеге асыруға жұмыс жасауы керек.
Қазіргі таңда Елбасы бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» жобасы біздің ұйымда нәтижелі жүзеге асырылуда. Ұйымдағы 69 көп балалы отбасы, 15- аз қамсыздандырылған отбасы, 9- мүгедек балалары бар отбасы, 19-жалғыз басты аналар, 8-мүгедектік топтағы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайлары толық есепке алынып, оларға әлеуметтік төлемдер уақытылы төленіп отыруы қатаң бақылауға алынған. Қолдау көрсету қаржылай да азық түлікпен де жүйелі түрде жүргізіліп отырады, сонымен қатар мүгедектікте отырған қызметкерлердің де үйлерінде болып, шаруашылықтарына қол көмектер көрсету дағдымызға айналған, - деді Ибраким Басықараев.
Жарыс сөзге шығып сөйлеген әрбір партия мүшелері жобалардың нәтижелі жүзеге асыру мәселелеріне тоқтап, жан -жақты талқылады.
Жиынға қатысқан «Nur Otan» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева қазақстандықтардың әл –ауқатын арттыруға бағытталған 4 әлеуметтік жобаны жүзеге асырудың тиімді жолдары туралы өз ойымен бөлісті.
Оның ішінде «Халыққа көмек» жобасының мақсатын, азаматтарды алаңдатқан кез келген мәселенің жедел әрі нақты көмек көрсетуін партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері «Біріңғай әлеуметтік терезе» жүйесіндегі жүргізіліп жатқан жұмыстарына тоқтап, мәселелердің оңтайлы шешілуіне жасалған жұмыс жағдайларын айтты. Алдағы уақытта ұйым бұдан да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жаңа қарқынмен жұмыс істеуі керектігін де атап өтті.
Жиын соңында бастауыш ұйымнан «Теміржол» партия филиалының конференциясына 10 делегат сайланды.
12 сәуір 2019 ж. 506 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области