Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыстық білім басқармасының басшысы қазалылық түлектерге сәттілік тіледі

Облыстық білім басқармасының басшысы қазалылық түлектерге сәттілік тіледі

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалы ауданы бойынша 34 орта мектептен бітіруші 454 түлек өз білімдерін сарапқа салуда.

Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатқан Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей базасындағы 14 аудитория талапқа сай жасақталған. Балалардың жай-күйін бақылау үшін арнайы бейнеқондырғылар орнатылған.
Ұлттық бірыңғай тестілеу басталмас бұрын аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов пен облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова түлектерге білім бәсекесінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге тілектестіктерін білдіріп, сәттілік тіледі.
Айта кетейік, ауданда №226, 102, 104 мектептер ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушыларын 100 пайыз қатыстырып отыр.
Қазіргі таңда мектептегі мемлекеттік емтихан қорытындысымен 17 мектептен 41 оқушы «Алтын белгі» белгісінің иегері, 10 мектептен 17 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.
21 маусым 2019 ж. 426 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области