Департамент басшысының орынбасары тағайындалды
Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Төрағасының 17 маусым 2019 жылғы №133-л/с бұйрығымен, Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары болып Қасымбаев Алмас Бақытбергенұлы тағайындалды.
А.Қасымбаев 1982 жылы туылған. Білімі жоғары, Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2008-2014 жылдар аралығында Атырау облысы және Алматы қаласы бойынша экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінде (қаржы полициясы) қызмет атқарған.
2014-2018 жылдарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде басқарма басшысы лауазымында қызмет атқарды. Құқық қорғау органдарында мол тәжірибесі бар маман.
Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.