Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұрсұлтан Назарбаев келешек ұрпаққа жолдау қалдырды

Нұрсұлтан Назарбаев келешек ұрпаққа жолдау қалдырды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында келешек ұрпаққа жолдауы бар "уақыт капсуласын" салды, деп хабарлайды Ақорда.

Назарбаев салтанатты шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде болашақ ұрпақ үшін бұл жолдаудың маңызы зор екенін атап өтті.
"Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның бағындырған белестері аз емес. Аға буын бүгінгі жастардың бақытты өмір сүруі үшін біздің қандай қиын кезеңдерді бастан өткергенімізді жақсы біледі. Біз еліміздің игілігі үшін жұмыс істедік. Қазақстанды әлемге таныттық", – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының келешек ұрпағының өсіп-өркендеуі үшін зор мүмкіндіктер бар екенін айтты.
"Мен өз мақсатымызға қол жеткізгеніміз үшін өте қуаныштымын. Бұл капсула 30 жылдан кейін ашылады. Осы жылдар ішінде көп нәрсе болуы мүмкін. Бірақ, Қазақстан және оның азаматтары өз даму жолымен ілгерілеуін жалғастыра беретін болады", – деді тұңғыш президенті.
Рәсім соңында Елбасы қазіргі жастардың Қазақстанды нығайтып, өркендету үшін еңбек ете беретініне сенім білдірді.

21 маусым 2019 ж. 455 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области