Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ыстық күні не киеміз?

Ыстық күні не киеміз?

Жазғы аптап ыстықта трендті және күрделі киімнен гөрі қарапайым әрі ыңғайлы киімді таңдағанды жөн көреміз. Бірақ сән мен ыңғайлылықты ұштастыратын шешімдер де жоқ емес. Ендеше, жазғы киім үлгісін таңдауда қажет болатын бірнеше кеңес ұсынамыз.

"Жылы" түсті киім
Нәзік жұмсақ реңктер жаз мезгіліне арналғандай сезім тудырады. Оның "ғылыми" түсіндірмесі де бар: қара түстер жылуды жұтады. Сонымен қатар, мұндай реңктердің балғындық пен жеңілдік ұғымдарымен байланысы бар. Сондықтан жаз мезгіліне жұмсақ түсті киімдер таңдаған жөн. Оған қоса, жұмсақ реңктер бір-бірімен жақсы үйлесім табады. Мұндай реңкті жазғы киімдер әйел адамдардың нәзіктігін айқындай түседі және стильді көрінеді.

Total white
Total white – стильді көрінудің ұтымды әдісі. Ол өзінің тазалығымен және мінсіздігімен ерекшеленеді. Бастысы, total white киім үлгісі сәнді көріну үшін киімдердің реңктері бір-біріне ұқсас немесе жақын болғаны дұрыс. Мысалы, сүт реңді ақшыл түсті шалбар кисеңіз, қалған киімдеріңіз де сүт реңкті болуы тиіс.

Кең, бірақ ерекше пішім
Ыстық күні денеге жабыспайтын, барынша бос тұратын киімдер кигіміз келетіні рас. Кең тұратын киім таңдағанда ол стильді көрінуі үшін ерекше пішімді түріне мән беріңіз. Ол ассиметриялық белдемше немесе ерекше жейде болуы мүмкін. Джинс шолақ шалбарды (шорты) ұзын жеңіл мақта шалбарға (мысалы, балағында ойығы бар шалбар), ал денеге жабысып тұратын футболканы жеңін қайыруға болатын зығыр жейдеге ауыстырыңыз.

Аксессуар
Сәнқойлар күн ыстық болғандықтан қазір сәнге айналған киімдегі көпқабаттылық трендінен бас тартуға мәжбүр. Бірақ бұл трендті аксессуарға қолдануға болады. Жаз – әшекейдің көптігінен қорықпауға болатын жалғыз мерзім. Сондықтан, бірнеше қабатты алқалар, бірден бірнеше саусаққа сақина немесе бірнеше білезік таға беріңіз.
Жазға келетін ашық түсті сөмке алыңыз. Жібек орамал сатып алып, оны бір күні басыңызға, екінші күні сөмкеңізге байлаңыз.
Тағы бір маңызды аксессуар – күннен қорғайтын көзілдірік. Көзілдіріктің қымбат болса да бір стильді әрі өте ыңғайлы түрін алсаңыз, ол өзіңіз үшін ең жақсы инвестицияңыз болуы мүмкін.

Акцентті аяқ киім
Жазғы аяқ киім әмбебап нюдті аяқ киімнен әлдеқайда ерекше болғаны жөн. Кез келген жазғы киім үлгісінің акцентіне ерекше әшекейі бар немесе ашық түсті аяқ киім айнала алады. Осы жазда мюли аяқ киімдері мен дөрекі сандалдар сәнге айналып жатыр.

23 маусым 2019 ж. 479 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области