Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОӨАЖҚЖ-НЫҢ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ ЖАЗҒЫ КИІМ ҮЛГІСІНЕ АУЫСТЫ

ОӨАЖҚЖ-НЫҢ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ ЖАЗҒЫ КИІМ ҮЛГІСІНЕ АУЫСТЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінде жазғы киім үлгісіне ауысуына байланысты саптық қарау өткізілді. Құтқарушыларға қазір киім киюге жоғары талаптар қойылған. Олар кез – келген төтенше жағдайларға дереу қимылдап қана қоймай, ұқыпты да болуы керек.
  Саптық тексеру барысында қызметтік куәліктері, жеке жетондарын және дабыл кезіндегі еске салу парақтары тексерілді Сыртқы келбетке ерекше назар аударылды - ұқыптылық, шаш үлгісі және т.б.
Жасақ басшысының орынбасары Мирамбек Доспенбетов әр құтқарушы үнемі қоғамдық орындарда көзге түседі, сондықтан киім кию ережесін сақтай отырып, өзінің сыртқы келбетін қадағалап, мұқият болуларына тиіс екендігін атап өтті. Азаматтармен дұрыс және сыпайылықпен әңгімелесу үшін, олардың өтініштеріне объективті түрде қарау керек.
  Қазір қысқы киім - жылы киім, қысқы қалпақ және қысқы аяқ киімдерін, құтқарушылар қазан айында басталатын келесі қыс мезгіліне дейін кейінге сақтап қояды.

20 сәуір 2018 ж. 873 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области