ЖЕКЕ ҚҰРАМНЫҢ САПТЫҚ БАЙҚАУЫ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында қысқы киімге көшуге орай қызметкерлердің дайындығын анықтайтын саптық байқау өттті. Департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов қатысқан саптық байқау барысында сыртқы түрі, нысандық киім кию тәртібі, жетондар мен қызметтік куәліктер тексерілді. Азаматтық қорғау қызметкерлердің саптық түзеуге және саптық жарғының негізгі ережелерін білуге ерекше назар аударылды.
Департамент басшысы саптық байқаулар тәртіпті, ұйымшылдықты және бөлімшелердегі тәртіпті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
– Әрбір азаматтық қорғау офицері өзінің сыртқы келбетіне ерекше көңіл бөлуі тиіс, ұқыпты көрінуі керек және барлық киім-кешегінде айырым белгілері болуы қажет, өйткені олар өз бөлімшесінің жеке құрамының қызметкерлері үшін үлгі болып табылады, - деді ол.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаменті