Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МӘМС қоры медицина ұйымдарына 24 млрд. теңге төледі

МӘМС қоры медицина ұйымдарына 24 млрд. теңге төледі

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың 20 маусымындағы мәлімет бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 23,9 млрд. теңге төленді. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 56,5%. Бұл туралы Қордың облыстық филиалының директоры Руслан Бектібаев мәлімдеді.

2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 42,4 млрд. теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 8,5% артық.
«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Р.Бектібаев.
Биылғы жылы мемлекеттік тапсырысты орындауға 74 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 44 жеке меншік клиника да бар.
Мемлекеттік тапсырысты алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.
Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.

25 маусым 2019 ж. 362 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области