Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер Арыс қаласының тұрғындарына көмектесуде

Қызылордалық полицейлер Арыс қаласының тұрғындарына көмектесуде

Kyzylorda-news.kz. Түркістан облысы, Арыс қаласында орын алған оқиғаға байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жарылыстан зардап шеккендерге материалдық көмек беру ұсынысын бірауыздан қолдап, бір күндік жалақыларын аударуда.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерінен құралған полиция нарядтарының саны көбейтілген.
Облыс орталығының теміржол вокзалы маңында полицейлер халыққа көмектесуді жалғастыруда. Жолаушы поездары тоқтау себебінен жедел шаралар қолға алынуда. Полицейлер жолаушыларды қажетті бағыттағы автокөліктерге отырғызып, оларға тиісті көмек көрсетіп жатыр. Қажет болған жағдайларда медициналық көмек те көрсетілуде.
Қызылордалық полицейлер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шараларды іске асыруда.
25 маусым 2019 ж. 463 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области