Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер Шалқар Ақымғалиевті еске алды

Қызылордалық полицейлер Шалқар Ақымғалиевті еске алды

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінде кәсіби даярлық сабағы өтті. Онда полицейлер атыраулық әріптесі Шалқар Ақымғалиевты еске алды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Шалқар Ақымғалиев 21 наурыз күні Атырау қаласында көпірден секіріп кеткен қызды құтқарамын деп мерт болған.
Сол күні «102» операторына Атырау қаласындағы орталық көпірден белгісіз азаматшаның өзенге секіргендігі жайлы хабарлама түскен. Оқиға орнына алғашқы болып жеткен Атырау қаласының полиция басқармасының патрульдік полицейі полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев азаматшаны құтқару үшін ойланбастан мұздай суға түскен. Өзгенің өмірін құтқарамын деп өз өмірін қиған жас полицей азаматшаны құтқару барысында өзі ерлікпен қаза тапты.
«Ерлігі ешқашан ұмытылмайтын ерлерді ұлықтау біздің азаматтық парызымыз. Осы орайда бүгінгі «Ерлік сабағында» қызылордалық тәртіп сақшылары антына адал, еліне, Отанына қызмет жасауда өзінің өмірін қию арқылы ерлік жасаған Шалқар Ақымғалиевты бір минут үнсіздікпен еске алды» делінген департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Департамент қызметкерлері қаза болған Шалқар Ақымғалиевтың отбасына 1 млн 800 мың теңге материалдық көмек беру ұсынысын бірауыздан қолдады.
05 сәуір 2019 ж. 726 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области