ҚЫЗЫЛОРДАДА 200 ТӘРТІП САҚШЫСЫ ВЕЛОШЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ
Астана қаласының 20 жылдығына және еліміздің тұңғыш астанасы Қызылорда қаласының 200 жылдығын мерекелеуге қызылордалық тәртіп сақшылары да өз үлестерін қосуда.
Осы орайда, 26 мамыр күні департамент бастығы, полиция полковнигі Мұхитов Қайрат Болатұлы бастаған қызылордалық 200 полицей 20 шақырымдық қашықтықты құрайтын велошеруге қатысты.
Ұйымдастырылған велошеруге департаменттің басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер қатысты. Өз кезегінде департамент бастығы, полиция полковнигі Қ.Мұхитов қатысушыларға сәттілік тілеп, ұйымдастырылған шараның маңыздылығын атап өтті.
Шара жергілікті полиция қызметінің ғимаратынан бастау алды. Оған қатысушылар Жібек жолы, Астана даңғылынан қайта Жергілікті полиция қызметінің ғимаратына дейінгі қашықтықты бағындырды.
Қатысушылар белгіленген межені жүріп өтіп, 20 шақырым қашықтықты еңсерді. Серігіп алған тәртіп сақшылары жұмыстарына кірісіп кетті.
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі